Әр мектепте тазалық пен жайлылықты қамтамасыз етіп, күнделікті еңбегімен ерекше үлес қосатын жандар бар. Солардың бірі — 1990 жылдан бері Каменка ауылындағы жалпы білім беретін мектепте адал еңбек етіп келе жатқан Мишкина Алла Борисовна.
Техникалық қызметкерлердің жұмысы жауапкершілікті, шыдамдылықты және еңбекқорлықты талап етеді. Осындай қызметкерлердің арқасында мектепте тазалық пен тәртіп сақталып, оқушылар мен ұстаздарға қолайлы орта қалыптасады.
Алла Борисовнаның көп жылғы адал еңбегі лайықты бағаланды. Ол облыстық кәсіподақтың алғыс хатымен марапатталып, «Дискавери-Бурабай» демалыс орнына тегін жолдама алды.
Алла Борисовнаға өз ісіне деген адалдығы, көп жылғы еңбегі және туған мектебіне деген қамқорлығы үшін алғыс білдіреміз! Сізге зор денсаулық, амандық және қуанышты сәттер тілейміз!








