Сәтбаев педагогтері республикалық «EduAI» хакатонына қатысты

    2026 жылғы 4–5 маусымда Астанада «EduAI» республикалық педагогикалық хакатоны өтті. Іс-шара 2025 жылғы қарашада басталған «Ustazga AI» жобасын қорытындылады. Педагогтер «Менің педагогикалық кейсім» тақырыбында 3500-ден астам жоба ұсынып, 334 қатысушы республикалық кезеңге өтті.

    Сәтбаев қаласынан Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің биология мұғалімі Жаркенова Ақерке Айтуғанқызы және №7 мектептің физика мұғалімі Құдайберген Бибінұр Жақсылыққызы қатысты. Педагогтер инновациялық білім беру технологияларын қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

    Қатысушыларға «EduAI: білім беру ұйымдарына арналған жасанды интеллект негізіндегі шешімдер» хакатонында кәсіби тәжірибесімен бөліскені, білім беруді дамытуға қосқан үлесі және кәсіби белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің сертификаттары табысталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ" жаңалықтары