Қарағандының «Күнгей» мен «Таугүл» шағынаудандарында газ желілерінің құрылысы аяқталуға жақын

    Қарағандының «Күнгей» және «Таугүл» шағынаудандарын газдандыру жұмыстары мәресіне жетіп келеді. Алтыншы іске қосу кешені аясында газ тарату желілерін тарту кестеге сай жүргізілуде. Құрылысты қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

    Қарағандының «Күнгей» мен «Таугүл» шағынаудандарында газ желілерінің құрылысы аяқталуға жақын

    Жоба бойынша жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырларының жалпы ұзындығы 202 шақырымды құрайды. Қазір оның 199 шақырымы тартылған. Бұл – жоспарланған жұмыстың басым бөлігі.

    Қарағандының «Күнгей» мен «Таугүл» шағынаудандарында газ желілерінің құрылысы аяқталуға жақын

    Жеке тұрғын үйлерді газға қосуға дайындық та қарқынды жүріп жатыр. Жоба аясында барлығы 5 мыңнан астам қосылу нүктесін орнату көзделген. Бүгінде соның шамамен 4 500-і дайын. Қажетті техникалық шешімдер QazaqGaz Aimaq компаниясымен келісілген, газ тарату шкафтарының да басым бөлігі әзірленген.

    Қарағандының «Күнгей» мен «Таугүл» шағынаудандарында газ желілерінің құрылысы аяқталуға жақын

    Тамыз айының ортасынан бастап «Күнгей» мен «Таугүл» тұрғындары газға қосылуға қажетті техникалық шарттарды ала бастады. Қазірге дейін шамамен 700 техникалық шарт берілген. Қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін QazaqGaz Aimaq компаниясына жүгіну қажет.

    Қарағандының «Күнгей» мен «Таугүл» шағынаудандарында газ желілерінің құрылысы аяқталуға жақын

    Жоба аяқталғаннан кейін Қарағанды тұрғындарының басым бөлігі көмірмен жылытудан бас тартып, табиғи газға көшуге мүмкіндік алады.

    Қарағандының «Күнгей» мен «Таугүл» шағынаудандарында газ желілерінің құрылысы аяқталуға жақын

    Қарағанды қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары