Іс-шара облыс прокуроры Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы мен облыс әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлының қатысуымен ұйымдастырылды. Департамент тарапынан жәрмеңкеге Департамент басшысы орынбасары Дәулетұлы Еркін қатысып, жұмыс іздеген азаматтарға құқықтары мен міндеттерін түсіндірді. Жәрмеңкеге Жетісу облысының әр ауданы мен қаласынан 100-ден астам жұмыс беруші қатысып, 400-ден астам жұмыссыз азаматқа бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 700-ге жуық адам қатысты. Жұмыс іздеушілердің басым көпшілігі «Темірбетон» ЖШС, «Метакон» ЖШС, «ТАТЭК» АҚ, «JLC Сүт» ЖШС, «Талдықорғанкабель зауыты» ЖШС және басқа да ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға қызығушылығын білдірді. Шараның негізгі мақсаты – жұмыс іздеушілерді тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыс берушілер мен азаматтар арасында тікелей байланыс орнату, еңбек құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру және заңды еңбек қатынастарының маңызын түсіндіру. Іс-шара концерттік бағдарламамен басталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, еңбек саласына үлес қосып жүрген бірқатар жұмыс берушілерге алғыс хаттар табысталып, марапаттау рәсімі өтті.
Жетісу облысында «Еңбекпен – тәртіпке, тәртіппен – табысқа» атты облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
1 / 4
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП, ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ-тың мерейтойлық даталарына орай «HasSak» ансамблінің концерті өтті
Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының ЕлшілігіАшу
Қызылорда облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
ҚР ІІМАшу
Қазақстан мен Иордания Астана-Амман арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі ЕлшілігіАшу
Ұрлық жасап, жол үстінде ұсталды: ШҚО-да мал ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды
ҚР ІІМАшу
"Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" жаңалықтары

Тоғыз айда Enbek.kz сайтында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланды
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіАшу
Еңбек министрлігінде JOLTAP жобасын өңірлерде іске асыру мүмкіндігі талқыланды
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіАшу
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау: әлеуметтік инспекторлар 913 тексеру жүргізді
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіАшу
Құрылыс нысандары пайдалануға берілмес бұрын қолжетімділік талаптарына сәйкестігі тексеріледі
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіАшу
Отбасының цифрлық картасы әл-ауқат деңгейін қалай анықтайды?
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіАшу