"Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" Республикалық Мемлекеттік Мекемесі

    О департаменте

    " Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жетісу облысының аумағында еңбек қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жалақы және жұмыстан босатылған кездегі есеп айырысу қандай мерзімде төленуі тиіс?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес жалақы айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленеді. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыскерге тиесілі барлық сомалар (нақты жұмыс істеген уақыты үшін жалақы, пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы үшін өтемақы және өзге де төлемдер) еңбек шарты тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей төленуге тиіс.

    ·
    Сұрақ

    Жұмыс уақытының қай кезеңі өткеннен кейін қызметкерге кезекті еңбек демалысы берілуі мүмкін?

    Жауап

    Кодекстің 92-бабына сәйкес жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды. Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді. Демалыстар кестесі өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы жұмыскерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабардар етуге міндетті.

    ·
    Сұрақ

    Еңбек қатынастары дегеніміз не ?

    Жауап

    Еңбек қатынастары – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар

    ·