Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің шикізатты әкетуге қарағанда жоғары қайта бөлінген өнімді өндіру мен экспорттау коммерциялық тұрғыдан тиімді болатын экономикалық жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдау туралы тапсырмасын орындау шеңберінде мынаны хабарлайды.
Қазіргі уақытта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік және экспорттық әлеуетін айқындау, сондай-ақ өндірісті дамытуға және жоғары қайта бөлінген өнім шығаруға кедергі келтіретін негізгі тосқауылдарды анықтау мақсатында бағалау жүргізілуде.
Бағалау қорытындысы бойынша кәсіпорындардың нақты әлеуеті мен анықталған шектеулерді ескере отырып, атаулы ынталандыру шараларын әзірлеу жоспарлануда.
Осыған байланысты ЭҚЖЖ 10-33 бойынша (барлық өңдеуші кәсіпорындар) қызметін жүзеге асыратын өңдеу өнеркәсібінің ірі және орта кәсіпорындары, 2026 жылғы 19 қазанды қоса алғанға дейін 1-қосымшаға сәйкес немесе төмендегі сілтеме арқылы сауалнаманы толтыруды сұраймыз:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScyxQfk6qwRrYbnv1oOZsxzF__LXPKQsKGR0BexBVJoCO7U1w/viewform?usp=dialog









