Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау аясында Қаратал ауданының әкімі У. Досымбеков Жолбарыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Кездесу басталмас бұрын аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініштерін тыңдап, тиісті түсініктемелер берді.
Кездесу Кәлпе ауылының Мәдениет үйінде өтті. Аудан басшысы тұрғындарды ауданның 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырып, жыл соңына дейінгі жоспарлар мен басым міндеттер туралы баяндады.
Ашық диалог барысында ауыл тұрғындары жол инфрақұрылымының жағдайына, электрмен жабдықтау қауіпсіздігіне және жер ресурстарын пайдалануға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, Т. Рысқұлов және Мечиев көшелеріне орташа жөндеу жүргізу, электр беру желілерінің үстіне өскен ағаштардың бұтақтарын кесу, сондай-ақ жеке пайдаланудағы жер учаскелерін қайтару мәселелері айтылды.
Аудан әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Қосымша зерделеуді және тиісті шаралар қабылдауды қажет ететін мәселелер бойынша жауапты басшыларға тапсырмалар беріліп, оларды одан әрі пысықтау міндеттелді.
Халықпен кездесулер тұрғындарды толғандырған мәселелерді дер кезінде анықтауға, оларды шешу жолдарын айқындауға және жергілікті атқарушы органдар мен халық арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Тұрғындардың өтініштерін қарау және берілген тапсырмалардың орындалуы белгіленген тәртіппен жалғасады.
Қаратал ауданының әкімі Жолбарыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
1 / 8
Ұқсас материалдар

Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары туралы
Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды
Ақмола облысының әкімдігіАшу
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерінің зияткерлік меншік саласындағы ведомстволары басшыларының екінші отырысы өтті
ҚР Әділет министрлігіАшуМақтаарал ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша конкурс қорытындыланды
Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Қаратал ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Қаратал ауданының әкімі Айту ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
Қаратал ауданының әкімдігіАшу
Қаратал ауданының әкімі Ұмтыл ауылының тұрғындарымен кездесті
Қаратал ауданының әкімдігіАшу
Қаратал ауданының әкімі Тастөбе ауылының тұрғындарымен кездесті
Қаратал ауданының әкімдігіАшу
Талдықорғанда 2,8 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды
Қаратал ауданының әкімдігіАшу
Қаратал ауданының әкімі Бастөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
Қаратал ауданының әкімдігіАшу