Түркістан облысының полицейлері 1300-ден астам оқушымен кездесті

    1 / 3

    Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың тапсырмасымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
    Осы мақсатта Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрдәулет Әжібеков №10 және №7 мектептің 1300-ден астам оқушысымен кездесті. Полиция басшысы жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу және жеке жауапкершілік мәселелерін түсіндірді.
    Сондай-ақ оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, білімге ұмтылу, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдау және болашаққа нақты мақсат қою жөнінде кеңестер берілді. Мұндай шаралар ауданның өзге де білім беру ұйымдарында жалғасады.

    Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
    ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары