1 / 3
Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында Төлеби баба музейінің құрылысы аяқталды. Тарихи-мәдени нысан жақын арада пайдалануға беріледі. Аталған ғимарат - өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұлы тұлғалардың өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында салынды.
Жалпы аумағы 2 200 шаршы метрді құрайтын музей бірнеше экспозициялық залдан тұрады. Онда Төлеби бабаның өмір жолы, ел бірлігі мен ынтымағын нығайту жолындағы қызметі және тарихи мұрасы кеңінен насихатталатын болады. Музей құрылысы 2025 жылдың мамыр айында басталған. Жобаның жалпы сметалық құны 361,6 миллион теңгеден асады. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Caprioc» ЖШС жүргізген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі









