Ресми жұмыс — бұл жай ғана жалақы емес.
Бұл — еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдейтін және қызметкердің құқықтарын қорғайтын еңбек шарты.
Бұл — шарт туралы мәліметтердің Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне уақтылы енгізілуі.
Бұл — міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша төлемдердің уақтылы және толық көлемде аударылуы.
Бұл — еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың қолданыста болуы.
Мұның барлығы — жұмыс берушінің жауапкершілігі және қызметкердің әлеуметтік қорғалуы.
Ұйымыңыздағы жағдайды тексеріңіз:
- Еңбек шарттары рәсімделген бе?
- Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде мәліметтер өзекті ме?
- Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша төлемдер уақтылы аударыла ма?
- Қызметкерлерді міндетті сақтандыру қолданыста ма?
Осы талаптардың бұзылуы заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Қызметкердің құқықтарын қорғау жұмыс берушіден басталады.









