Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бақылауға алынды

    Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бақылауға алынды

    Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қарсаңында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ляззат Уразбаева «Ақтөбе» телеарнасының «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасына берген сұхбаты барысында тікелей эфирде ата-анадан өтініш түскен болатын. Ата-ана есту және сөйлеу қабілеті бұзылған ұлын және онымен бірге білім алған бірқатар азаматты «ортопедиялық стоматология» мамандығы бойынша жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетуді сұраған.

    Аталған өтінішті назарға алған басқарма басшысы мәселені жан-жақты қарау мақсатында арнайы жиын өткізді. Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасының, балалар стоматологиясының, Еңбек мобильділігі орталығының, М.Мәметова атындағы жоғары медициналық колледжінің және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің өкілдері қатысты.

    Жиын барысында ата-аналардың өтініштері тыңдалып, азаматтардың алған мамандығы бойынша еңбек етуіне мүмкіндік жасау, кәсіби әлеуетін іске асыру және жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

    Басқарма басшысы жауапты мекемелерге мәселені шешу бағытында тиісті тапсырмалар беріп, жұмысты нақтылауды тапсырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары