Аққулы ауданы Қазантай негізгі жалпы білім беретін мектебінің оқушылары мен ата-аналары экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған бастамаларға белсенді қатысуда.
Осындай ерекше жұмыстардың бірі — Өмірбай Мақпал мен оның балаларының бірлесіп дайындаған «Эко киім үлгілері» жобасы.
Жобаға анасы Өмірбай Мақпал және балалары Абылайхан Қайсар, Абылайхан Рамазан, Абылайхан Нарғыз, Абылайхан Нәзерке мен Абылайхан Ақерке қатысты.
Отбасы мүшелері өз шығармашылықтарын ортаға салып, экологиялық бағыттағы киім үлгілерін ұсынды. Жобаның негізгі идеясы — қалдық материалдарды тиімді пайдалану, оларға екінші өмір сыйлау және қоршаған ортаны қорғаудың маңызын насихаттау.
Бұл бастама балалардың қиялын дамытып қана қоймай, оларды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға, үнемшілдікке және еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар отбасылық ынтымақтастықты нығайтып, ата-ана мен бала арасындағы шығармашылық байланысты арттырады.
«Эко киім үлгілері» — табиғатты аялауға үндейтін, отбасылық бірлік пен шығармашылықты дәріптейтін тағылымды жоба.








