Аққайың ауданында жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өтті

    1 / 4

    2026 жылғы 13 қазанда Аққайың ауданының бизнес өкілдеріне Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін қолдану мәселелеріне арналған семинар өткізілді. Кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Т. Д. Қабдушев төрағалық етті.

    Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдарының, орта және шағын бизнес субъектілерінің өкілдері қатысты. Спикерлер ретінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері сөз сөйледі.

    Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері түсіндіріліп, кәсіпкерлердің күнделікті қызметінде туындайтын практикалық мәселелерге ерекше назар аударылды.

    Атап айтқанда, бизнес өкілдеріне келесі мәселелер бойынша түсініктемелер берілді:

    * Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, халыққа қызмет көрсетуге бола ма?
    * Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкер қызметкерлер санын тағы он адамға көбейтуді жоспарласа, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшуі қажет пе?
    * Егер кәсіпкер бірнеше қызмет түрімен айналысса және олардың біріне оңайлатылған режимді қолдануға тыйым салынса, қалған қызмет түрлері бойынша осы режимді сақтап қала ала ма?
    * Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын ЖШС-ның құрылтайшысы бір мезгілде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдана ала ма?
    * Егер тауар үшін төлем желтоқсан айында алынып, ақша қаражаты банктік шотқа келесі жылдың қаңтар айында түссе, оңайлатылған режимді қолдану кезінде кіріс қай салық кезеңіне жатқызылады?

    Қойылған сұрақтардың әрқайсысы бойынша Департамент мамандары жан-жақты түсініктемелер беріп, салық заңнамасының тиісті нормаларын тәжірибеде қолдану тәртібін қарастырды.

    Сонымен қатар қатысушылар салықтық әкімшілендіруді цифрландыру перспективаларын, цифрлық қосылған құн салығын (ҚҚС) дамыту мәселелерін, сондай-ақ кәсіпкерлердің мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған чат-боттар мен басқа да заманауи электрондық сервистерді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

    Семинар соңында бизнес өкілдері Департамент мамандарына тікелей жүгініп, өзекті мәселелерді талқылауға және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары