Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде алдын алу шараларының маңызы зор. Шымкент қаласы Еңбекші ауданының өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, өрт оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Аралау барысында мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын түсіндіріп, электр құралдарын дұрыс пайдаланбаудан туындайтын қауіп-қатерлерге назар аударды. Сондай-ақ тұрмыстағы өрттің алдын алу шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салды.
Бұдан бөлек, өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндіріліп, тұрғындарға қауіпсіздік ережелері көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды.
Мамандардың айтуынша, тұрмыстық өрттердің алдын алуға қауіп көздерін дер кезінде анықтап, қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы мүмкіндік бар.
Есіңізде болсын: қауіпсіздік әр адамның өз жауапкершілігінен басталады! Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.









