ХАЛЫҚТЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ҮЛЕСІ 100 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ
2026 жылы ауыз сумен қамту және суды бұру жобаларына 11,9 млрд.теңге қаржы бөлініп жалпы 7 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде су желісінің тозу деңгейі 33 пайыздан 31 пайызға және кәріз желісінің тозу деңгейі 32 пайыздан 30 пайызға төмендету жоспарлануда.
Сонымен қатар, Арал және Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған, ұзындығы 238 шақырымды құрайтын Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының 2 тармағын салу жобасы іске асырылуда. Жобаның құны 43,7 млрд. теңгені құрайды. 2025 жылы республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 23 шақырым су құбырының құрылысы аяқталды.
2026 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 1,9 млрд.теңге қаралып, 10 шақырым су құбырының құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін ҚР инфрақұрлымды дамыту қорынан 20,5 млрд.теңге қаржы бөлінді.









