Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады.
Аудан тұрғындарымен кездесуден кейін бірқатар азамат облыс әкіміне жеке мәселелерімен жүгінді. Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін тыңдаған Нұралхан Көшеров әрбір азаматтың мәселесіне мұқият қарау қажеттігін атап өтті.
Облыс әкімі қабылдауға келген тұрғындардың барлығын тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын тиісті сала басшыларымен бірге қарады. Кейбір мәселелер бойынша сол жерде жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, бірқатар өтініш бақылауға алынды.
Тұрғындар негізінен тұрғын үй, жер қатынастары, инфрақұрылым, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Нұралхан Көшеров азаматтардың өтініштерін қарау кезінде мәселені тек тыңдап қана қоймай, оның нақты шешімін қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. Жауапты басшыларға әрбір өтінішті заң аясында зерделеп, тұрғындарға нақты әрі түсінікті жауап беруді тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Ұқсас материалдар

Ұлттар сарайында қазақстандық қызғалдақтарды сыйға тарту рәсімі мен Абай бюстінің таныстырылымы өтті
Ашу
«Балаға жақын қоғам» жобасы аясында маңызды мәселелер талқыланды
Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
Қазақстан Женевада өтіп жатқан БҰҰ-ның алтыншы Қала әкімдерінің форумына қатысты
Ашу
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
Нұрдәулет Қилыбай апатты тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
"" жаңалықтары

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 200-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Ашу
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА АМЕРИКАЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ашу
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Ашу
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ӘРІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Ашу
ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУ ҮШІН ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ
Ашу