2026 жылғы 18 қыркүйекте қолданысқа енгізілгенҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 102 бұйрығымен мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін медициналық көрсетілімдердің жаңа тізбесі бекітілді:
1) толық соқырлық;
2) түзетумен екі көзінің 0,03-ке дейін көру өткірлігі;
3) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі вестибулярлық мишықтың бұзылысы;
4) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі гиперкинетикалық амиостатикалық синдромы;
5) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі паркинсонизмі (акинетикалық-регидтік түрі);
6) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі гемипарез, төменгі парапарез, трипарез, тетрапарез;
7) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі гемиплегия, триплегия, параплегия, тетраплегия, диплегия;
8) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі қанайналым және тыныс алу функцияларының бұзылысы (ІІІ сатыдағы қанайналым жеткіліксіздігі, ІVфункциялық кластағы сәйкесінше стенокардияның коронарлық жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және ІІІ сатылардағы өкпе-жүрек функциясы жеткіліксіздігімен қосарласқан ІІІ сатыдағы тыныс алу жеткіліксіздігі және басқалар);
9) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі несеп шығару жүйесі функциясының бұзылысы (диализ терапиясын алушылар);
10) ІІІ-ІVдәрежедегі буын функцияларының бұзылысын қоса алғанда, жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі организмнің статикалық-динамикалық функцияларының бұзылысы;
11) протезге жатпайтын және жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын екі қолдың ампутациялық тұқылдары;
12) протезге жатпайтын және жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын екі қолдың туа біткен даму ауытқулары;
13) протезге жатпайтын екі санның ампутациялық тұқылдары;
14) протезге жатпайтын, қолдың айқын көрінетін функциялық бұзылыстарымен, жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын екі сирақтың ампутациялық тұқылдары;
15) жүріп-тұрудың ІІІ үшінші дәрежедегі бұзылысымен аяқтардың туа біткен даму ауытқулары;
16) жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын қолдарының айқын функциялық бұзылыстарымен қосарласқан буындар функцияларының ІІІ-ІVдәрежеде бұзылысымен екі жамбас-сан немесе тізе буындарының шорбуындары, контрактуралары;
17) заңды өкілінің сүйемелдеуіне мұқтаж ауыр мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар психикалық аурулар;
18) жай-күйі ауырлығының ауырлық дәрежесімен иммундық жүйенің туа біткен бұзылысы.









