Департаментте «Ашық есік күні» өтті

    Департаментте «Ашық есік күні» өтті

    2026 жылғы 12 қазанда Жетісу облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінде өңір тұрғындарына арналған «Ашық есік күні» өтті.

    Іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталды.

    Іс-шара аясында Департамент қызметкерлері азаматтарды қабылдап, өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде:

    • зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру;
    • мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау;
    • медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу және мүгедектікті белгілеу;
    • еңбек өтілін растау және қажетті құжаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша консультациялар берді.

    Азаматтарды қызықтырған барлық мәселелер бойынша 19 азаматқа жеке консультациялар беріліп, Департаменттің құзыреті шегінде жан-жақты түсіндірмелер ұсынылды. Мамандар қойылған сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды түсіндірді.

    Департамент мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, халықты ақпараттандыру және азаматтарға өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары