Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 40-сессиясы туралы

    VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың

    кезекті 40-сессиясы туралы

    Хабарландыру:

    VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 40-сессиясы 2026 жылдың 9 қазанында сағ. 10.00-де аудандық әкімдіктің ғимаратында өтеді (Абылайхан даңғылы, №122, 2-қабат).

    Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

    1. Ауданда қысқы мерзімге жол қатынасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінде жылу маусымына дайындықтың барысы туралы.

    А.Тұрлыбеков - аудан әкімінің орынбасары

    1. Аудан бойынша білім бөлімі саласындағы атқарылған жұмыстардың барысы туралы.

    Е.Шакеев - Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы

    1. Ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы туралы.

    С.Маусымбаев - сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

    1. Егінсу, Көлденең ауылдық округтері бойынша атқарылған жұмыстардың барысы туралы

    Ауылдық округтердің әкімдері

    1. Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, депутаттық өкілеттік және этикасы, салық, заңдылық, денсаулықты сақтау, білім беру, мәдениет, жанұяны қорғау, жастар мен мүгедектер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы

    Ж.Акласова - тұрақты комиссия төрағасы.

    1. Әр түрлі мәселелер.

    Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 8.30-да басталады.

    Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сағат 9.00-де өткізіледі.

    Үржар аудандық

    мәслихатының төрағасы А.Омаров

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Үржар аудандық мәслихатының аппараты" жаңалықтары