Қарағандыда ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру үдерісі баяндалды

    «Талдау мектебі. Қарағанды» жобасының II легі аясында «Деректер – аналитиканың негізі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Еркебұлан Иембердиев ресми статистикалық ақпаратты өндіру үдерісі туралы баяндама жасады.

    Шара барысында ресми статистикалық ақпаратты қалыптастырудың негізгі кезеңдері, бастапқы деректерді жинау және өңдеу тәртібі, деректердің сапасы мен дұрыстығын қамтамасыз ету тетіктері, сондай-ақ статистикалық ақпаратты талдау және пайдаланушыларға тарату бағыттары таныстырылды.

    Сонымен қатар, әкімшілік деректерді пайдалану, цифрлық технологияларды енгізу және ақпаратты талдамалық мақсаттарда тиімді қолдану мәселелеріне назар аударылды. Статистикалық деректердің сапасы мен сенімділігі негізделген талдамалық қорытындылар жасауға және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретіні аталып өтті.

    Семинар деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ресми статистиканың мүмкіндіктерімен танысуға және талдамалық қызметте статистикалық ақпаратты қолдану жөніндегі білімді кеңейтуге бағытталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы" жаңалықтары