1 / 2
2026 жылғы 7 қазанда Атырау көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі бөлімшелік басқармасының маманы «Batys Petroleum» ЖШС қызметкерлері арасында «Скринингтен өтудің маңыздылығы» тақырыбында акция өткізді. Акцияның мақсаты – халық арасында профилактикалық тексерулердің маңыздылығын түсіндіру, ауруларды ерте кезеңде анықтау және олардың асқынуларының алдын алу, сондай-ақ скринингтік тексерулердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін жүргізілетіні туралы ақпарат беру. Іс-шара барысында қызметкерлерге скринингтік тексерулерден өтудің маңыздылығы мен артықшылықтары түсіндіріліп, тиісті ұсынымдар берілді.









