"Руханият" орталығында аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ұстаздар күні мерекесіне орай білім саласының ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады.
Аудан басшысы мерекелік қабылдауда ұстаздық ұлы жауапкершілік пен биік адамгершілікті талап ететін қасиетті мамандық екенін атап өтті.
–Ұстаз – қай заманда да киелі ұғым, ең ұлы құрмет иесі. Кемел келешек пен бақытты болашақтың кілті қашан да мұғалімнің қолында болған. Өйткені, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді жас ұрпақтың санасына дарытатын ұстаздар қауымы. Сондықтан Ұстаздар күні – қоғамдағы орны бөлек мерекелердің бірі. Бүгінгі жүздесу – білім мен тәрбие саласында аянбай еңбек еткен, өз өмірін жас ұрпақтың болашағына арнаған ардагер ұстаздарға деген құрметіміздің көрінісі. Бұл – өскелең ұрпақтың, қоғамның ұстазға деген шексіз алғысы мен шынайы ризашылығының белгісі. Елордада Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен ұстаздардың республикалық Тамыз конференциясында: «Адам капиталы, білім, прогресс – халықтық конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбында өткен жиында, Президентіміз: «Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанның тірегі болатын жауапты әрі адал азаматтарды тәрбиелеу – бәріміздің ортақ міндетіміз», - деген болатын.Президентіміздің тапсырмасымен, аймақ басшысы Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлының қолдауымен білім беру инфрақұрылымдары жаңғыруда. 2022 жылдан бері 121 млрд. теңгеден астам қаржыға 46 заманауи білім беру нысаны салынып, ел игілігіне табысталды. Қазақтың аса көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин «Мен үшін мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі» деп айтқанындай, мектептегі білімнің сапасы ең алдымен дәріс беруші ұстаздардың кәсіби біліктілік деңгейлері мен педагогикалық шеберліктеріне тікелей байланысты болады.Сіздер осындай сара жолдан үлкен абыроймен өткен ардақты жансыздар. Ауданның білім саласының дамуында Өздеріңіздей ардагер ұстаздардың еңбегі өлшеусіз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Мерекелік іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және ардагер ұстаздар сөз сөйлеп, мерекелік лебіздерін жеткізді.
Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы білім беру саласында жемісті еңбек етіп, ауданның білім жүйесінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан бірқатар сала қызметкерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталып, сый-құрмет көрсетілді.
Ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетілді
1 / 19
Ұқсас материалдар

Ұлттар сарайында қазақстандық қызғалдақтарды сыйға тарту рәсімі мен Абай бюстінің таныстырылымы өтті
Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігіАшу
«Балаға жақын қоғам» жобасы аясында маңызды мәселелер талқыланды
Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
Қазақстан Женевада өтіп жатқан БҰҰ-ның алтыншы Қала әкімдерінің форумына қатысты
Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігіАшу
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
Нұрдәулет Қилыбай апатты тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
"Сырдария ауданының әкімдігі" жаңалықтары

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
«Ұстаз – білім шамшырағы» атты мерекелік іс – шара өтті
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
Қадірлі қарияларды мерекемен құттықтады
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы таныстырылды
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді
Сырдария ауданының әкімдігіАшу