Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайту.
Сауда алаңында жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін қала тұрғындарының назарына ұсынып, сауда-саттық жүргізді. Мұндай жәрмеңкелер тұрғындарға қажетті азық-түлік тауарларын тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей өндірушілерден алу арқылы делдалсыз сауданы дамытуға ықпал етеді.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері халықтың күнделікті сұранысын қамтамасыз етуге, жергілікті өнімдердің саудасын жандандыруға және отандық өндірушілердің әлеуетін арттыруға бағытталған.









