ЕАЭО ШЕҢБЕРІНДЕ ТАУАРЛАРДЫ УАҚЫТША ӘКЕЛУ ЖӘНЕ ӘКЕТУ: САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР НЕНІ БІЛУІ ҚАЖЕТ?

    📢ЕАЭО ШЕҢБЕРІНДЕ ТАУАРЛАРДЫ УАҚЫТША ӘКЕЛУ ЖӘНЕ ӘКЕТУ: САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР НЕНІ БІЛУІ ҚАЖЕТ?

    Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі — ЕАЭО) шеңберінде тауарларды уақытша әкелу және әкету кезінде хабарламаны ұсыну тәртібі туралы хабарлайды.

    📌 Уақытша әкелу және әкету дегеніміз не?

    ЕАЭО шеңберінде уақытша әкелу/әкету — бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында тауарларды шектеулі мерзімге кедендік баждар мен салықтарды төлемей, кейіннен олардың қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпестен кері әкету немесе қайтару міндеттемесімен өткізу көзделетін кедендік рәсім.

    ⚖️ Хабарламаны кім ұсынуға міндетті?

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 514-бабында көзделген ережелерді іске асыру мақсатында салық төлеуші ЕАЭО шеңберінде тауарларды уақытша әкелу немесе әкету кезінде мемлекеттік кірістер органдарына хабарлауға міндетті.

    📝 Хабарлама қандай нысан бойынша ұсынылады?

    Тауарларды әкелу және әкету туралы хабарлама 016.00 нысаны бойынша ұсынылады.

    Осы хабарлама нысаны мынадай мақсаттарға қол жеткізу үшін енгізілген:

    🔹 тауарлардың өткізілуінің ашықтығын арттыру және олардың қозғалысын бақылауды күшейту;

    🔹 ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу және әкету кезінде көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;

    🔹 салық төлеушілердің хабарламаны ұсыну нысаны мен мерзімдеріне қойылатын белгіленген талаптарды сақтауын қамтамасыз ету.

    💻 Хабарлама қалай және қайда ұсынылады?

    Салық төлеуші хабарламаны белгіленген нысан бойынша электрондық түрде өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

    ⏰ Хабарламаны қандай мерзімде ұсыну қажет?

    Хабарламаны ұсыну мерзімі 20 жұмыс күнін құрайды:

    📍 Тауарларды әкелу кезінде — тауарлар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күннен бастап.

    📍 Тауарларды әкету кезінде — тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкетілген күннен бастап.

    ❗️ Салық төлеушілердің назарына!

    ЕАЭО шеңберінде тауарларды уақытша әкелу немесе әкету кезінде 016.00 нысаны бойынша хабарламаны белгіленген тәртіп пен мерзімдерді сақтай отырып, уақтылы ұсыну қажет.

    Салық заңнамасының талаптарын сақтау тауарлар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың туындау тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді.

    📌 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді салықтық міндеттемелерін орындауға жауапкершілікпен қарауға және заңнамада көзделген есептілік пен хабарламаларды уақтылы ұсынуға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары