Сол жағалаудағы «Қайсар Арена» стадионында Қала күніне арналған «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» атты гала-концерт өтті. Гала-концерт тақырыптық прологпен басталып, онда қаланың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі келбеті, өрлеу жолы қамтылды.
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қызылорда – халқымыз үшін орны ерекше аймақ. Осы өлкеде Шірік Рабат, Жанкент, Сығанақ қалаларының орны көне заманның өзінде қазақ жерінде дамыған қала өркениеті болғанын аңғартады. Қызылорда – сол әйгілі қалалардың заңды жалғасы», – деді.
Бұл – бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған, ұлт тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданған қасиетті мекен. Екі ғасырлық тарихы бар Қызылорда топырағында ұлт қайраткерлері, Алаш арыстары тағдыршешті қадамдарға барып, болашаққа бағдар жасағаны тарихтан белгілі.
Қаламыздың бүгінгі жаңаруы мен көркеюі – сол тарихи сабақтастықтың жалғасы. Кейінгі жылдары әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып, заманауи нысандар ел игілігіне берілуде. Өңір экономикасының қуатын арттыратын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Қызылорданың көркеюіне ерекше үлес қосқан, бүгінде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы Сіздерді Қала күнімен құттықтап, ыстық ықыласын білдіруде.
Бүгінгі мерейлі мереке Өздеріңізге арналады. Сүйікті қаламыз көркейе берсін! Қызылордамыздың болашағы жарқын, келешегі кемел болсын! Арман-мақсаттарымыз орындалсын! Халқымыз аман, бірлігіміз бекем болсын! Мереке құтты болсын, қадірлі жерлестер!» –деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Кеште елімізге танымал өнер иелері Индира Елубаева, Қазыбек Құрайыш, Үкітай Ерниязов, Балжан Бидаш, «KESH YOU» тобы және ALEM сахна төрінде өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Гала-концерт мерекелік отшашумен қорытындыланды.
Кейінгі жылдары Қызылорда қаласының инфрақұрылымы жаңарып, әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны артып келеді. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауының арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жаңа өндіріс орындары ашылуда.
Сонымен қатар, тұрғын үйлер мен заманауи әлеуметтік нысандар салынып, ел игілігіне айналды. Биыл Инклюзивті спорт орталығы, «Достық үйі» және «Құзыреттілік орталығы» ашылды. Сондай-ақ «Ай-Керім» оқу-сауықтыру орталығы мен Ботаникалық бақ пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда Президенттік кітапхана, драма театр және бірқатар ірі медициналық нысан салынуда. «Таза Қазақстан» жобасы аясында ашылған Президент саябағы тұрғындар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналды.
Қаланың сол жағалауын байланыстыратын жаңа автожол көпірі мен ерекше үлгідегі жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы жалғасуда. Президент саябағы маңында заманауи аквапарк құрылысы да басталды. Жыл соңына дейін «Қызылорда Арена» спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қызылордада Қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
1 / 16
Ұқсас материалдар

Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
"Ақтау кенті әкімінің аппараты" ММАшу
Жарқайың ауданының Державинск қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Халықаралық қарттар күніне орай «Миссис Элегантность – 2026» байқауы өтті.
Жарқайың ауданының әкімдігіАшу
Елордалық оқушылар мектеп бақшасында өздері өсірген өнімді жинады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
ЖЫРМЕН ЖАРҚЫРАҒАН ТҮН: ЖЕТІСАЙДА АҚЫН МҰХТАР ҚҰРАЛОВҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жетісай ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Қызылорда облысының әкімдігі" жаңалықтары

Құрылыс нысандарындағы жұмыс барысы тексерілді
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
«Таза Қазақстан»: Жалпыхалықтық сенбілік өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Азия ойындарының қола жүлдегеріне құрмет көрсетілді
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қызылордада «Анаға тағзым» III республикалық форумы өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу