Қала күніне орай Қызылорданың сол жағалауында 168 пәтері бар 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Жанар Бимұратқызы, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Қазіргі уақытта сол жағалауға 25 мыңнан астам тұрғын қоныстанған. Мұнда 136 көпқабатты тұрғын үй, 20 әлеуметтік және 13 ірі бизнес нысаны орналасқан. Тағы 48 нысан салынып жатыр.
Аймақ басшысы екі ғасырлық тарихы бар Қызылорда топырағында ұлт қайраткерлері, Алаш арыстары тағдыршешті қадамдарға барып, болашаққа бағдар жасағанын атап өтті.
«Қаламыздың бүгінгі жаңаруы мен көркеюі – сол тарихи сабақтастықтың жалғасы. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып, заманауи нысандар ел игілігіне берілуде.
Өңір экономикасының қуатын арттыратын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр. Осындай игі шаралардың жалғасы ретінде бүгін тұрғын үй кезегінде тұрған жерлестерімізге 12 мың шаршы метр болатын 168 пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстаймыз.
Бүгін – Мемлекет басшысының қолдауымен баспаналы болып жатқан әрбір отбасы үшін айтулы күн. Меншікті үй – бұл тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімнің кепілі. Жаңа шаңырақтарыңыздың босағасы берік, іші береке мен мерекеге толсын! Әрбір отаудан бүлдіршіндердің күлкісі естіліп, татулық салтанат құра берсін! Қоныстарыңыз құтты, ел іргесі берік, болашағымыз баянды болсын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Жиында тұрғын үйлерді салған мердігер мекеме құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
ҚР Құрылтайының депутаты Серік Салауатұлы, қоғам қайраткері Әріп Битілеуұлы құттықтау сөз сөйледі.
Кейінгі төрт жылда өңірде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 7 625 пәтер беріліп, 30 мыңнан астам адам баспаналы болды. Биыл жыл соңына дейін тағы 1 950 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.
Сол жағалаудың жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жақында Иса Тоқтыбаев көшесінен осы шағын ауданға өтетін төрт жолақты жаңа автомобиль көпірінің құрылысы басталды.
Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
1 / 11
Ұқсас материалдар

Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"БЖЗҚ" АҚ зейнетақыны уақтылы рәсімдеудің маңыздылығын еске салады
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
AI-Sana: Жетісу университетінде AI-DOS дауыстық көмекшісі әзірленді
Жетісу облысы Қаратал ауданы Айту би ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Жетісуда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі 68% жетті: Алакөл ауданында өсімдік майы өндіріле бастады
Жетісу облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Теміржол көлігінде кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары жетілдірілуде
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетіАшу
"Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары

Қызылордада «Анаға тағзым» III республикалық форумы өтті
Әйтеке би кенті әкімінің аппаратыАшу
Халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар марапатталды
Әйтеке би кенті әкімінің аппаратыАшу
Жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Әйтеке би кенті әкімінің аппаратыАшу
Жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды
Әйтеке би кенті әкімінің аппаратыАшу
«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде
Әйтеке би кенті әкімінің аппаратыАшу