ШҚО-да жүргізушілер көлікті қайта заңсыз қайта жабдықтағаны үшін жауапкершілікке тартылды

    ШҚО-да жүргізушілер көлікті қайта заңсыз қайта жабдықтағаны үшін жауапкершілікке тартылды

    Өскемен қаласының жолдарын патрульдеу барысында полиция қызметкерлері автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтаудың екі қайталанған фактісін анықтады. Екі көлік иесі де әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде бұзушылыққа қайта жол берген.

    Бір жағдайда автокөліктің аспасы төмендетілсе, екіншісінде — тікелей өтетін газ шығару жүйесі орнатылған. Көлік иелерінің бұл әрекеттері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 10-бөлігі бойынша сараланды.

    Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары LADA маркалы автокөліктердің конструкциясын заңсыз өзгертудің тағы үш жағдайын тіркеді. Көлік иелері тиісті рұқсатсыз машиналардың клиренсін өзгертіп, аспасын төмендеткен. Бұл құқық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша квалификацияланды.

    Көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. «Заң және Тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары