Бүгін Қала күніне орай Қызылорданың сол жағалауында 168 пәтері бар 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Жанар Бимұратқызы, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Қазіргі уақытта сол жағалауға 25 мыңнан астам тұрғын қоныстанған. Мұнда 136 көпқабатты тұрғын үй, 20 әлеуметтік және 13 ірі бизнес нысаны орналасқан. Тағы 48 нысан салынып жатыр.
Аймақ басшысы екі ғасырлық тарихы бар Қызылорда топырағында ұлт қайраткерлері, Алаш арыстары тағдыршешті қадамдарға барып, болашаққа бағдар жасағанын атап өтті.
«Қаламыздың бүгінгі жаңаруы мен көркеюі – сол тарихи сабақтастықтың жалғасы. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып, заманауи нысандар ел игілігіне берілуде.
Өңір экономикасының қуатын арттыратын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр. Осындай игі шаралардың жалғасы ретінде бүгін тұрғын үй кезегінде тұрған жерлестерімізге 12 мың шаршы метр болатын 168 пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстаймыз.
Бүгін – Мемлекет басшысының қолдауымен баспаналы болып жатқан әрбір отбасы үшін айтулы күн. Меншікті үй – бұл тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімнің кепілі. Жаңа шаңырақтарыңыздың босағасы берік, іші береке мен мерекеге толсын! Әрбір отаудан бүлдіршіндердің күлкісі естіліп, татулық салтанат құра берсін! Қоныстарыңыз құтты, ел іргесі берік, болашағымыз баянды болсын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Жиында тұрғын үйлерді салған мердігер мекеме құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
ҚР Құрылтайының депутаты Серік Салауатұлы, қоғам қайраткері Әріп Битілеуұлы құттықтау сөз сөйледі.
Кейінгі төрт жылда өңірде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 7 625 пәтер беріліп, 30 мыңнан астам адам баспаналы болды. Биыл жыл соңына дейін тағы 1 950 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.
Сол жағалаудың жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жақында Иса Тоқтыбаев көшесінен осы шағын ауданға өтетін төрт жолақты жаңа автомобиль көпірінің құрылысы басталды.
Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
1 / 13
Ұқсас материалдар

Қазақстанда жылыту маусымына дайындық аясында көмір тасымалы үздіксіз жүзеге асырылуда
Ашу
2026 жылдың 9 айындағы әкімшілік айыппұлдарды салу және өндіріп алу барысы туралы
«Солтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық департаментАшу
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Қазақстанда Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыАшу
10 – қазан Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні!
Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасыАшу
"" жаңалықтары

Аймақ басшысы Бәйгеқұм және Еңбекші ауылдарының тұрғындарымен кездесті
Ашу
Алдағы жылдарға жоспарланған ауқымды жобалар талқыланды
Ашу
Арал аймағының экологиялық ахуалын жақсарту бағытындағы жұмыстар таныстырылды
Ашу
Қызылорда қаласын аяқсумен қамту мәселелері қаралды
Ашу
Шаһизада Әбдікәрімовтің мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті
Ашу