Көлікке енгізілген өзгеріс жауапкершілікке әкелді

    Жезқазғанда газ шығару жүйесіне рұқсатсыз дыбыс күшейтетін құрылғы орнатылған BMW маркалы автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. Көлікті басқарған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Құқық бұзушылықты патрульдік полиция қызметкерлері 8 қазан күні сағат 20:25 шамасында анықтаған. Тексеру барысында автокөліктің техникалық талаптарға сай келмейтіні белгілі болды. Атап айтқанда, оның газ шығару жүйесіне тиісті рұқсатсыз қосымша құрылғы орнатылып, көлік қайта жабдықталған.

    Мұндай құрылғылардан шығатын қатты дыбыс тұрғындарға қолайсыздық тудырып, олардың тыныштығына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан көлік иелері сыртқы көрінісіне ғана емес, техникалық талаптарға сәйкестігіне де мән беруі қажет.

    Полиция жүргізушілерді автокөлік құрылымына рұқсатсыз өзгерістер енгізбеуге және өзге жол қозғалысына қатысушылар мен тұрғындарға құрметпен қарауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары