Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурс туралы ХАБАРЛАМА

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурс туралы ХАБАРЛАМА

    Конкурсты ұйымдастырушы:
    «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ.
    Мекенжайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 97.
    Байланыс телефондары: +7 (705) 530-51-73 (Әзіз), +7 707 977 0790 (Азамат)

    Конкурс мәні:
    Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.

    Грант мөлшері:5 млн теңгеге дейін
    Бюджет:
    116,3млн теңге

    Конкурс құжаттамасын ұсыну тәртібі:
    Қатысу үшін үміткерлер электрондық үкімет порталы арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурс құжаттарының толық пакетін электрондық түрде ұсынады.
    Өтінімдер мына сілтеме бойынша қабылданады:
    https://www.Kezekte.kz

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:
    202
    6жылғы19қазаннан бастап23қазанаралығында (қоса алғанда).
    Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

    Маңызды ескерту:
    Қағидалардың 25-тармағына сәйкес, егер кәсіпкер толық емес құжаттар пакетін тапсырса немесе сенімсіз мәліметтер берсе, сондай-ақ нысандарға сай келмейтін құжаттарды ұсынса, өңірлік үйлестіруші нақты кемшіліктер көрсетілген түрде құжаттарды кері қайтарады.
    Кәсіпкер оларды өтінім қабылдау аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қайта тапсыруы тиіс.

    Хабарландыру мына ресурстарда жарияланады:

    ·https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kasipkerlik

    ·Инстаграм парақшасы: @abai_kasipker

    Қосымша ақпарат алу үшін жүгінуге болады:
    Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
    Мекенжайы: Семей қ., Абай көшесі, 97
    Тел: +7 (705) 530-51-73 (Әзіз)
    , +7 707 977 0790 (Азамат)

    Kezekte.kz веб-порталы арқылы электрондық өтінімді беру тәртібі

    Тіркелу үшін көрсетілетін деректер:

    ·Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: ЖСН, ТАӘ

    ·Заңды тұлғалар үшін: БСН, ұйым атауы, басшының ЖСН, ТАӘ

    ·Байланыс деректері (мекенжай, телефон, эл. пошта)

    ·Екінші деңгейдегі банктегі шот деректері

    Қатысушылар:
    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын ШОК субъектілері.

    Қажетті құжаттар (PDF форматында):

    1.Жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама (басшының қолы және мөрі)

    2.Кемінде 20% теңгеге тең қаржылық/материалдық қосымша қаржыландыруды растайтын құжаттар

    3.Әлеуметтік кәсіпкерлік немесе «Бір ауыл – бір өнім» финалисті мәртебесін растайтын құжат

    4.Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, салық және басқа да қарыздар туралы ақпарат автоматты түрде жүйеден алынады

    Маңызды талаптар:

    ·Бір кәсіпкер тек бір өтінім бере алады

    ·Қажет болған жағдайда кәсіпкер өтінімді кері қайтарып, себеп көрсете отырып қайта тапсыра алады

    ·Өңірлік үйлестіруші өтінімнің қабылданғанын 4 жұмыс күні ішінде растауы тиіс (ЭЦҚ арқылы)

    ·Кәсіпкер өз бизнес-жобасын байқау комиссиясы алдында жеке түрде немесе онлайн форматта таныстыруы керек

    ·Үшінші тұлғалардың қатысуына тыйым салынады

    ·Бизнес-жоба таныстырылымы аудио немесе бейнежазбаға жазылады

    ·Кемінде 2 бақылаушы қатысады (мысалы, депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйымдар)

    Бақылаушылардың құқығы:
    Олар кәсіпкерлерге сұрақ қоя алмайды, конкурс барысына кедергі келтіретін әрекеттерге жол берілмейді. Персоналдық деректерді жария етуге, бейнетүсірілім жасауға тыйым салынады.

    Ережеге сілтеме:https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2400000754#z2389

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" жаңалықтары