Абай облысының кен іздеушісі алғаш рет алтын шикізатын аффинажға тапсырды.

    Абай облысының кен іздеушісі алғаш рет алтын шикізатын аффинажға тапсырды.

    Абай облысының аумағында кен іздеушілік жұмыстары қарқынды жүргізіліп, бұл бағытта заңды негізде жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны артып келеді.

    Осы бағыттағы маңызды жетістіктердің бірі – Абай облысының кен іздеушісі кен іздеушілік нәтижесінде өндірілген 484,2 грамм алтын құрамды шикізатты «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытына алғашқы болып өткізуін атап өте аламыз.

    Бұл – кен іздеушілердің өндірген бағалы металдарын заңды түрде отандық аффинаж кәсіпорнына өткізу тетігінің іс жүзінде жүзеге асқанын көрсететін маңызды мысал. Аталған тәжірибе өңірдегі кен іздеушілік қызметтің ашық әрі заңды түрде дамуына ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" жаңалықтары