Елордада VII ASTAUFEST халықаралық гастрономиялық фестивалі өтіп, оған Қазақстанның өңірлері мен шетелден 30-дан астам білім беру ұйымының 200-ден астам өкілі қатысты.
Үш күнге созылған фестивальді Астанадағы Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі ұйымдастырды. Халықаралық байқау студенттер мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, тәжірибе алмасуға және қоғамдық тамақтандыру саласындағы кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталды.
Биыл фестивальде ұлттық тағамдарға ерекше назар аударылды. Қатысушылар қазақтың дәстүрлі аспаздық мұрасын заманауи гастрономиямен ұштастырып, ұлттық тағамдарды жаңа қырынан таныстырды.
Байқауға Қытай, Франция, Түркия, Кипр, Швейцария, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген 13 халықаралық сарапшы қазылық етті.
Байқау қорытындысы бойынша Гран-при иегерлері анықталды:
«Жылдың үздік аспазы – 2026» номинациясында студенттер арасында Петропавл қаласындағы Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенті Владислав Токарев жеңімпаз атанды. Командалық есепте Татарстан өкілдері Артем Захватов пен Никита Данилов үздік деп танылды. Ал шеберлер арасында Өзбекстаннан келген Назира Алиматова Гран-при иеленді.
«Жылдың үздік наубайшысы – 2026» номинациясында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің өкілі Карина Камалова Гран-при жеңіп алды.
«Жылдың үздік кондитері – 2026» номинациясында Қырғызстан өкілі Айэлина Аликул бас жүлдеге ие болды.
Халықаралық фестиваль техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және халықаралық деңгейде өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Астанада VII ASTAUFEST халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті
1 / 6
Ұқсас материалдар

Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлердің саны 1 973-ке жетті
Ашу
Атырау облысында 2026 жылдың 9 айында еңбек құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындылары
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
Қазақстан мен Иордания консулдық ынтымақтастықты дамытудың басымдықтарын айқындады
Ашу
Тоғыз айда 114 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқудан өтті
АшуҚұрметті елорда тұрғындары!
Астана қаласының мәслихатыАшу
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары

Жұлдыз Сүлейменова «Білім-инновация» лицейлерінің басшылығымен кездесті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Астанада дрон-футболдан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
70 мыңнан астам ауыл оқушысы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуда
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстанның спорттық робототехника құрамасы Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан FIRST Global Challenge 2026 чемпионатына қатысуда
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшуПрезидент білім саласы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу