Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Жарлы ауылында ерікті өртке қарсы құралым ашылды. Жаңа нысан екі елді мекенде тұратын 2 140 тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдық елді мекендер үшін маңызды.
Жаңа өрт сөндіру бекеті жеке құрамның қызмет атқаруына қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген. Нысанның жұмысын қамтамасыз ету үшін ТЖМ өрт сөндіру техникасын, байланыс құралдарын, өрт-техникалық жабдықтарын берді. Бұл мамандардың шақырту орнына жедел жетіп, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға тиімді ден қоюына мүмкіндік береді.
Штаттық кестеге сәйкес жеке құрам саны төрт адамды құрайды. Қазіргі уақытта екі қызметкер штаттық негізде жұмыс атқарса, қалған екі адам жұмыспен қамту бағдарламасы аясында қызметке тартылған.
Жаңа бекеттің іске қосылуы ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, өрт оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Ақтөбе облысының ТЖД








