Түркістан қаласының әкімі қатысуымен қала аумағында жылыту маусымына байланысты ауқымды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қала аумағындағы әлеуметтік жағдайы ерекше назардағы 200-ге жуық тұрғын үй араланып, тұрғындарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, газ жабдықтары мен мұржалардың жарамдылығын тексеру және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, тұрғын үйлерге 200-ге жуық газ сигнализаторы орнатылып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар атқарылды.
Тұрғындарға жылыту маусымындағы қауіпсіздік талаптары жазылған 1000-ға жуық үгіт-насихат парақшалары таратылды.
Бұдан бөлек, қала аумағында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын «Тез такси», «Түркістан такси» автокөліктеріне және қалалық автобустарға өрт қауіпсіздігі мен жылыту маусымындағы сақтық шаралары туралы ақпараттық жарнама парақшалары орналастырылды.
Жылыту маусымын қауіпсіз өткізейік









