Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында IV Халықаралық ТҮРКСОЙ студенттік театр фестивалінің жабылу салтанаты өтті.
5–7 қазан аралығында ұйымдастырылған халықаралық өнер додасына Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің жоғары оқу орындарынан студенттер, жетекші оқытушылар мен профессорлар қатысты.
Фестивальдің негізгі мақсаты – түркі елдерінің жас театр мамандары арасында шығармашылық байланысты нығайту, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және ортақ мәдени құндылықтарды дәріптеу. Бірнеше күнге жалғасқан өнер додасы барысында қатысушы оқу орындарының театр ұжымдары өз қойылымдарын көрермен назарына ұсынып, шығармашылық шеберліктерін танытты.
Жабылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы, профессор, доктор Хүсейн Қараман, университет ректоры Жанар Темірбекова, Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Бақытжан Садықов және Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, фестивальдің маңызына тоқталды.
Қала әкімі өз сөзінде Түркістанның IV Халықаралық ТҮРКСОЙ студенттік театр фестиваліне шаңырақ иесі болуы қала тұрғындары үшін айрықша мәртебе екенін атап өтті.
«Бұл фестиваль – жас өнер иелерінің шығармашылығын шыңдаумен қатар, түркі жұртының рухани-мәдени және шығармашылық байланысын нығайтады. Өнер бәсекесі театр саласындағы кәсіби тәжірибе алмасуға тұғыр болатыны сөзсіз», – деді қала әкімі.
Қорытынды салтанат барысында фестивальдің жеңімпаздары марапатталып, үздік өнер көрсеткен жас театр мамандарына арнайы жүлделер табысталды.
__
В ТУРКЕСТАНЕ ПОДВЕЛИ ИТОГИ IV МЕЖДУНАРОДНОГО СТУДЕНЧЕСКОГО ТЕАТРАЛЬНОГО ФЕСТИВАЛЯ ТЮРКСОЙ
В универсальной научной библиотеке «Фараб» города Туркестана состоялась церемония закрытия IV Международного студенческого театрального фестиваля ТЮРКСОЙ.
В международном творческом конкурсе, прошедшем с 5 по 7 октября, приняли участие студенты, ведущие преподаватели и профессора из высших учебных заведений Казахстана, Турции, Азербайджана, Кыргызстана, Узбекистана и Туркменистана.
Основная цель фестиваля – укрепление творческих связей между молодыми театральными специалистами тюркских стран, создание возможности для обмена профессиональным опытом и популяризация общих культурных ценностей. В течение нескольких дней творческого состязания театральные коллективы участвующих учебных заведений представили свои постановки вниманию зрителей и продемонстрировали свое творческое мастерство.
В церемонии закрытия приняли участие Генеральный секретарь международной организации ТЮРКСОЙ Султан Раев, председатель Совета полномочных представителей Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави профессор и доктор Хусейн Караман, ректор университета Жанар Темирбекова, руководитель управления культуры Туркестанской области Бакытжан Садыков и аким города Туркестана Азимбек Пазылбекулы, которые отметили значимость фестиваля.
В своем выступлении аким города отметил: то, что Туркестан стал принимающей стороной IV Международного студенческого театрального фестиваля ТЮРКСОЙ, является особым статусом для жителей города.
«Этот фестиваль, наряду с совершенствованием творчества молодых деятелей искусства, укрепляет духовно-культурные и творческие связи тюркских народов. Нет сомнений, что творческое состязание станет площадкой для обмена профессиональным опытом в театральном искусстве», – сказал аким города.
В ходе итогового торжества были награждены победители фестиваля и вручены специальные призы молодым специалистам театра, показавшим лучшие выступления.









