Қала аумағында құрылыс материалдарын талапқа сай орналастырмаған компания анықталды

    Елордада абаттандыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген бақылау іс-шаралары барысында құрылыс компаниясы тарапынан белгіленген талаптардың бұзылғаны анықталды.
    Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта, Қабанбай батыр даңғылы бойында инертті материалдардың (құм, қиыршық тас және өзге де құрылыс материалдары) қалалық аумаққа тиісті келісімсіз және белгіленген талаптарды сақтамай орналастырылғаны анықталды.
    Сонымен қатар, құрылыс нысанының қоршауы тиісті деңгейде күтіп-ұсталмаған. Қоршаудың техникалық және санитариялық жағдайына қойылатын талаптар толық орындалмай, оның қала аумағының сыртқы келбетіне кері әсер ететін және тұрғындар үшін қолайсыздық туғызатын жағдайға жол берілген.
    Осыған байланысты жауапты тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделді.
    Қала аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізетін барлық кәсіпкерлік субъектілеріне құрылыс материалдарын сақтау, құрылыс алаңдарын қоршау, аумақтың тазалығын сақтау және абаттандыру қағидаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі ескертіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары