Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік органдар қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және мемлекеттік басқарудың заңдылығын, ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл бағыттағы жұмыста мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және азаматтардың өтініштерін уақтылы қарау маңызды рөл атқарады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ қоғамда адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік таныту негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп нормаларын сақтауға, мүдделер қақтығысына жол бермеуге және өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тек қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асыруға міндетті.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыс халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйелі тәсілді, ашықтықты және мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен күш-жігерін талап етеді.
Айсары ауылдық округінің әкімі
Б. Нұрғазин









