Әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімі.

    Салық органы әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімін жүргізеді (бұдан әрі – тізілім).
    Осы тізілімге соңғы салықтық есептілікті ұсынғаннан кейін он екі ай ішінде салықтық есептілікті дербес ұсынбаған салық төлеуші енгізіледі.
    Осы ережелер ҚР Салық Кодексіне сәйкес салықтық есептілік ұсынуды тоқтата тұрған салық төлеушілерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаға немесе құрылымдық бөлімшеге, дара кәсіпкерге қатысты қолданылады.
    Салық органы жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей салық төлеушіні тізілімге енгізу туралы шешім шығарады.
    Бұл тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында осындай шешім шығарылған күннен кешіктірілмей орналастырылады.
    Салық төлеуші салықтық есептілігі нөлдік көрсеткіштермен ұсынылған деп автоматты түрде танылған салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынған кезде тізілімнен шығарылады.
    Салық органының тізілімнен шығару туралы шешімін салық органы қосымша салықтық есептілік ұсынылған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
    Жаңартылған тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында салық органы салық төлеушіні әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығару туралы шешім шығарған күннен кешіктірілмей орналастырылады.
    Салық төлеушіні нөмірлер тізілімінен алып тастаған немесе дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарған жағдайда мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығарылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары