Қарағандылық қуыршақ театры халықаралық фестивальде өнер көрсетті

    Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының «Буратино» қуыршақ театр-студиясы Ресейдің Қорған қаласында өткен «Ұшу арманы. Өнер туралы сырласу» атты V халықаралық фестивальге қатысты.

    Қарағандылық қуыршақ театры халықаралық фестивальде өнер көрсетті

    Бес елдің театр ұжымдарын тоғыстырған өнер мерекесіне Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қытай және Перуден келген әртістер жиналды.

    Қарағандылық қуыршақ театры халықаралық фестивальде өнер көрсетті

    Қарағандылық өнерпаздар көрермен назарына «Махаббат туралы аңыз» спектаклін ұсынды. Қуыршақ өнерін актерлік шеберлікпен, пластикалық қимылмен, бимен, әуезді әнмен және драмалық әрекетпен астастырған қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

    Қарағандылық қуыршақ театры халықаралық фестивальде өнер көрсетті

    Театр сыншылары спектакльді тың туынды ретінде бағалап, оның өзгеше атмосферасы мен көшпенділер дүниетанымы мен дәстүріне терең бойлаған мазмұнын айрықша атап өтті.

    Қарағандылық қуыршақ театры халықаралық фестивальде өнер көрсетті

    Фестиваль аясында шеберлік сабақтары, дәрістер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, қуыршақ театрының мамандары өзара тәжірибе алмасты.

    Қарағандылық қуыршақ театры халықаралық фестивальде өнер көрсетті

    Мұндай кәсіби жүздесулер шығармашылық ізденісті тереңдетіп, сахна шеберлерінің тәжірибе көкжиегін кеңейтуге, өз жұмысына тың көзқараспен қарауға жол ашады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары