Қарағандыда аяғында күрделі ақауы бар балаларға күрделі оталар жасалады

    Қарағандыда аяғында күрделі ақауы бар балаларға күрделі оталар жасалады

    Қарағандыда аяғында ауыр ақауы бар жеті балаға күрделі операция жасалады. Ота Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының базасында өтіп жатқан халықаралық шеберлік сағаты аясында ресейлік және қазақстандық ортопедтердің қатысуымен жүргізілуде. Шеберлік сабағын Ярославль қаласынан келген травматолог-ортопед, медицина ғылымдарының докторы, профессор Максим Вавилов өткізуде.

    Қарағандыда аяғында күрделі ақауы бар балаларға күрделі оталар жасалады

    Маман Қарағандыға осымен екінші рет келіп отыр. Оның айтуынша, өңірдегі балалар ортопедиялық хирургиясының деңгейі жоғары. Дегенмен аяғында күрделі туа біткен және жүре пайда болған ақауды емдеуде қосымша тәжірибе мен арнайы тәсілдер қажет.

    Қарағандыда аяғында күрделі ақауы бар балаларға күрделі оталар жасалады

    — Стандартты хирургиялық тәжірибеде туа біткен маймақтықты емдеу және оның қайталануының алдын алу, соның ішінде сіңірлерді трансплантациялау әдісі қолданылады. Алайда туа біткен аномалиялары мен жүйке жүйесінің бұзылыстары бар, стандартты емдеу тәсілдеріне келмейтін балалар да кездеседі. Мен осындай күрделі жағдайларды емдеудегі өз тәжірибеммен бөліскім келеді, — деді Максим Вавилов.

    Қарағандыда аяғында күрделі ақауы бар балаларға күрделі оталар жасалады

    Екі күн ішінде дәрігерлер 6-дан 16 жасқа дейінгі жеті балаға операция жасайды. Олардың арасында күрделі маймақтық, аяқ басының жалпақ-вальгустық және ат-варустық деформациялары, неврологиялық аурулардың салдары, Шарко — Мари — Тут синдромы және басқа да ауыр ортопедиялық патологиялары бар балалар бар.

    Қарағандыда аяғында күрделі ақауы бар балаларға күрделі оталар жасалады

    Пациенттердің бірі — Саран қаласының 12 жастағы тұрғыны. Балада екі аяқтың да күрделі маймақтығы, сондай-ақ микроцефалия мен эпилепсия бар. Қатар жүретін ауруларына байланысты оған стандартты емдеу әдістерін қолдану мүмкін болмаған.

    Қарағандыда аяғында күрделі ақауы бар балаларға күрделі оталар жасалады

    — Біз мұндай мүмкіндікті өте ұзақ күттік. Түрлі дәрігерлерге қаралып, көптеген тексеруден өттік. Алайда диагнозына байланысты мұндай күрделі жағдайға мамандардың тәуекел етуге батылы жетпей, бізден бас тартатын. Шеберлік сабаққа қатысуға ұсыныс түскенде, бірден келістік. Қазір бір аяғына операция жасалып жатыр. Алдымен осы аяғын емдеп, оңалтудан өткізіп, толық қалпына келуін күтеміз. Содан кейін екінші аяғына да ота жасауға тырысамыз. Оның өздігінен жүргенін қалаймыз, — деді баланың анасы Любовь Величко.

    Пациенттердің кейбіріне бұған дейін де операция жасалған. Енді оларға реконструктивті ем қажет. Мұндағы басты мақсат — аяқтың дұрыс тірелуін қалпына келтіріп, түсетін салмақтың табанның барлық бетіне біркелкі бөлінуін қамтамасыз ету.

    Қарағандыда аяғында күрделі ақауы бар балаларға күрделі оталар жасалады

    Ортопедтер сүйек пластикасы, металлоостеосинтез, сіңір-бұлшықет транспозициясы және микрохирургиялық әдістерді қолданады. Операциялар көлемі небәрі 1–1,5 сантиметр болатын шағын тіліктер арқылы жасалады. Бұл тәсіл қан жоғалтуды азайтып, баланың оңалуын жеделдетуге мүмкіндік береді.

    Шеберлік сабақтың тағы бір бағыты — балалар церебралды сал ауруына шалдыққан балалардың аяқ-қолдарындағы деформацияларды хирургиялық жолмен түзету.

    Қарағандыда аяғында күрделі ақауы бар балаларға күрделі оталар жасалады

    Оқыту бағдарламасына Қазақстанның әр өңірінен 15 медицина маманы қатысуда. Олар операцияларға қатысумен қатар, күрделі ортопедиялық патологиялары бар балаларды қарап, консультация береді, клиникалық жағдайларды талдап, емдеудің заманауи тәсілдерін талқылайды.

    Қарағандыда аяғында күрделі ақауы бар балаларға күрделі оталар жасалады

    Алдағы уақытта қарағандылық мамандар осындай күрделі операцияларды өз бетінше орындауды жоспарлап отыр. Әр балаға емдеу тактикасы жеке белгіленеді. Дәрігерлер консервативті немесе хирургиялық емдеу әдісін пациенттің жағдайына қарай таңдайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары