Қазақстанда 2028–2029 жылдары 4 ГВт дәстүрлі генерация енгізіледі

    Қазақстанда 2028–2029 жылдары 4 ГВт дәстүрлі генерация енгізіледі

    Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамытудың 2028–2029 жылдары жаңа генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін ұзақ мерзімді жоспарын қалыптастырды.

    Жоспар энергетикалық жүйенің қолда бар қуатын арттыруға, электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге, сондай-ақ дәстүрлі генерация мен жаңартылатын энергия көздерін одан әрі дамытуға бағытталған.

    2028 жылы Қазақстанда 2 ГВт дәстүрлі генерацияны іске қосу жоспарлануда.

    Атап айтқанда, Тараз, Атырау және Ақтөбе қалаларында бу-газ қондырғыларын салу, Екібастұз ГРЭС-2 №3 энергоблогын салу, «Қарағанды Энергоцентрда» қазандық агрегаты мен турбоагрегатты салу, «Kazakhmys Energy» БТЭЦ-інде қазандық пен турбоагрегатты, «Kazakhmys Energy» ЖЭО-да қазандық пен турбоагрегатты орнату, сондай-ақ Ақсу ГРЭС энергоблогын кеңейту және жаңғырту жобалары көзделген.

    2029 жылы 2,3 ГВт дәстүрлі генерацияны енгізу жоспарлануда. Оның ішінде Өскемен ЖЭО-да турбоагрегат пен қазандық агрегатын салу, Атырау ЖЭО-да бес газ-турбиналық қондырғыны енгізу, «Батыс Пауэр» ЖШС-нің екі газ-турбиналық қондырғысын салу, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу, сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-3 бірінші блогын іске қосу жобалары бар.

    Сонымен қатар, жаңартылатын энергетика да дамып келеді. 2028 жылы 2,2 ГВт, ал 2029 жылы 2,8 ГВт ВИЭ нысандарын іске қосу жоспарлануда.

    Дәстүрлі және «жасыл» энергетика салаларындағы ірі жобаларды іске асыру есебінен Қазақстанның генерациялайтын қуаттары айтарлықтай өсіп, 2029 жылы энергетикалық жүйенің тұрақты профицитке шығуы күтіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" жаңалықтары