«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мұнайшы ауылында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. 2026 жылғы 8 қазанда қолға алынған бұл игі бастама «Таза Қарақия» мекемесімен тығыз бірлесіп жүзеге асырылуда. Аталған шараның басты мақсаты-елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету және ауылдың көркін кіргізіп, эстетикалық келбетин арттыру.
Экологиялық акция барысында ауыл аумағын тұрмыстық қалдықтардан толық тазарту, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тауып, ауыл тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылады. «Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі» демекші, туған жердің тазалығын сақтау және оны әсерлі кейіпте келешек ұрпаққа жеткізу - әрбір саналы азаматтың қасиетті борышы әрі ортақ міндеті. Осы орайда ұйымдастырылып жатқан тазалық шаралары өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға айтарлықтай үлес қосып келеді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі







