ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА «ШАҢЫРАҚ» АРДАГЕРЛЕР ҮЙІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

    ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА «ШАҢЫРАҚ» АРДАГЕРЛЕР ҮЙІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

    Қарттар айлығы аясында «Шаңырақ» ардагерлер үйінің аумағында экологиялық акция өтті. Іс-шараға 50-ге жуық волонтер қатысып, аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарына атсалысты.

    Акция барысында жастар аға ұрпаққа деген құрметін нақты іспен көрсетіп, ардагерлер үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыруға үлес қосты. Бірлескен жұмыс қамқорлық, өзара қолдау және қоршаған ортаға жауапкершілік құндылықтарын дәріптеді.

    Игі бастама жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары