Ақтауда инженерлік желілерге цифрлық жүйе енгізілуде

    Ақтау қаласында жылу, су және кәріз жүйелерін цифрлық технология арқылы онлайн бақылап, басқаруға мүмкіндік бар. 3А, 3Б және Емдеу қалашығы шағынаудандарында диспетчерлік басқару және мониторинг жүйесі іске қосылған.

    «Каспий жылу, су арнасы» МКК директоры Серік Гусманның айтуынша, цифрлық жүйе инженерлік желілердің жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, құбырлардағы қысымды, желінің техникалық параметрлерін және пайдалану барысын қадағалауға болады.

    Жүйе арқылы қанша құбыр бар екенін, олардың орналасқан жерін, диаметрін және қашан салынғанын көруге болады. Бұл мәліметтердің барлығы бір цифрлық жүйеде жинақталады.

    Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай инженерлік жүйелерде цифрлық технологияларды пайдаланудың маңызын атап өтті.

    -Мемлекет басшысы цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту бойынша нақты тапсырмалар беріп отыр. Осыған байланысты цифрлық шешімдерді барлық салаға кезең-кезеңімен енгізуіміз керек, - деді Нұрдәулет Қилыбай.



    Сонымен қатар, жүйеде гидравликалық модельдеу жүргізуге мүмкіндік бар. Оның көмегімен құбырлардың қысымға төзімділігін алдын ала есептеп, тозу деңгейін бағалауға және ықтимал ақауларды болжауға болады.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының әкімдігі" жаңалықтары