ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркі академиясының Президентін қабылдады

    ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркі академиясының Президентін қабылдады

    Астана, 2026 жылғы 8 қазан– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Түркі академиясының Президенті Ш.Мұстафаевты қабылдады.

    Кездесу барысында Қазақстан мен Түркі академиясы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

    А.Исағалиев Түркі академиясының түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми және академиялық байланыстарды нығайтудағы маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстанның Академия қызметін қолдауға мүдделі екенін білдірді.

    Тараптар түркі әлемінің ортақ тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, ғылыми жобаларды іске асыру және ғылыми қауымдастықтар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары