
Жедел респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ)– тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігінің шырышты қабығын зақымдайтын вирустық аурулар. Олардың ең көп таралған түрлеріне– парагрипп, аденовирустар, риновирустар жатады.
Инфекция көзі-ауру адам.
Инфекциянегізінен ауа-тамшы жолымен жұғады.
ЖРВИ негізгі бөлгілері:
-дене қызуының көтерілуі (жеңіл деңгейден бастап 38-39С-қа дейін),
- тамақтың ауруы немесе қышуы,
- мұрыннан су ағу және мұрынның бітелуі,
- көзден жас ағу,
- көздің ашып ауруы (аурудың бастапқы кезеңінде),
- бас ауруы,
- жөтел ( әдетте алғашқы күндері құрғақ болады),
- енжарлық,
- жалпы әлсіздік,
- денедегі ауырсыну сезімі.
Асқынулар:
·пневмония,
·отит,
·синусит,
·жүректің зақымдануы,
·менингит.
Тұмау
Бұл тыныс алу жолдарының жоғарғы және төменгі бөліктерін зақымдайтын, қатты уыттанумен (интоксикациямен) қатар жүретін және күрделі асқынуларға, кейде тіпті өлімге әкелуі мүмкін вирустық ауру. Ауру белгілеріне дене қызуының 40С –қа дейін көтерілуі, бас ауруы, ентігу және тыныс алу ырғағының бұзылуы немесе жиілеуі жатады, аурудың ауыр түрлерінде естен тану, құрысу және теріде геморрагиялық бөртпенің пайда болуы байқалуы мүмкін. Тұмаудың нақты түрлеріне негізделген вакциналар әзірленген. Олардың кейбіреулері- құрама вакциналар (вирустың екі немесе одан да көп түрі мен кіші түрінен қорғайтын).
Суық тию
Тұмаудан айырмашылығы, бұл ауру біртіндеп дамиды: ол тамақтың қышуынан басталады, алайда адам әлі ауырып жатқанына немесе жатпағанына толық сенімді болмайды. Содан кейін мұрыннан су ағу және түшкіру басталып, бір-екі күннен соң жөтел қосылады. Дене қызуы мүлдем көтерілмеуі немесе тек аздап -37,5-38С-қа дейін көтерілуі мүмкін.
Ауру адамның айналасындағы вирустардың шоғырлануы сырқаттың алғашқы екі күнінде ең жоғары деңгейге жетеді.
Әртүрлі вирустар әртүрлі белгілерді тудырады. Мысалы, парагрипп дауысқа әсер етеді, науқастың дауысы қарлығуы немесе дөрекіленуі, тіпті мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Көмей мен кеңірдектің қабынуынан туындайтын «үргендей» жөтел де парагриппке тән белгі болып табылады. Бұл ретте дене қызуының көтерілуі болмауыда мүмкін. Айта кетерлігі, бұл ауру басқаларына қарағанда синусит сияқты асқынуларға жиірек әкеледі.
Риновирустықинфекция
Ол тоқтаусыз түшкіруді, мұрын-жұтқыншақтың құрғауын және тамақтың қышуын тудырады. Жұтынған кезде ауырсыну сезіледі, ал ауызда жағымсыз дәм пайда болады. Көп ұзамай мұрыннан мөлдір шырыш мол бөліне бастайды. Дене температурасы әдетте 37С-тан аспайды.
Аденовирустықинфекция
Бұл инфекция таңдай бадамша бездерінің ұлғаюына әкеліп, жұтынуды қиындатады. 2-3 күннен кейін көзде ашыту сезімі пайда болады. Тағы бірнеше күн өткен соң бадамша бездерінде, тамақта және қабақ астындағы көз бұрыштарында ақ немесе сұрғылт түсті қабықшалар пайда болады. Лимфа түйіндері ұлғаюы және іштің ауыруы мүмкін.
Алдын алу шаралары
Инфекцияның өршіген кезінде көпшілік жиналатын орындарға, әсіресе жабық кеңістіктерге баруды шектеу, ауырған адамдармен жақын қарым-қатынастан аулақ болу және қолды мүмкіндігінше жиі жуу ұсынылады. Сондай-ақ, С дәруменін жүйелі түрде қабылдауға кеңес беріледі.
Үйде науқас адам болған кезде, отбасының басқа мүшелері қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс:
- отбасы мүшелері бетперде тағуы керек;
- пәтерді жиірек желдетіп тұру қажет;
- есік тұтқаларын күніне бірнеше рет дезинфекциялық ерітіндімен сүртіп отыру керек;
- науқас адамға жеке ыдыс пен сүлгі бөліп қою қажет;
- күні бойы жиналған зиянды микробтарды шайып тастау үшін ұйықтар алдында ауызды календула немесе эвкалипт тұнбасымен шаю керек;
- вирусқа қарсы препараттарды алдын алу дозасында қабылдау қажет.
Дайындаған Аздекова Рыскул Жұманқызы,Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.









