13 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

    13 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

    Бүгін Исатай ауданында көпбалалы және толық емес отбасы санатындағы 13 азаматқа жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды.

    Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрым Мусин мен аудандық мәслихат төрағасы А. Рахметов қатысып, баспана иелерін құттықтап, жаңа қоныстарына ақжолтай тілегін білдірді. Жаңа тұрғын үйлер Аққыстау ауылдық округінен – 2, Тұщықұдық ауылдық округінен – 5 және Х. Ерғалиев ауылынан – 6 отбасыға берілді.

    Тамыз айында 12 үйдің кілті иелеріне тапсырылса, бүгінгі 13 үйді қоса есептегенде, жоспарланған 25 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, азаматтардың игілігіне ұсынылды.

    Тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жоспарланған тұрғын үйлер белгіленген тәртіпке сәйкес өз иелеріне табысталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Исатай ауданының әкімдігі" жаңалықтары