59 төленбеген айыппұл: Өскеменде автокөлік арнайы тұраққа қойылды

    59 төленбеген айыппұл: Өскеменде автокөлік арнайы тұраққа қойылды

    59 төленбеген айыппұл: Өскеменде автокөлік арнайы тұраққа қойылды

    «Нелегал-2026» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Өскемен қаласы ПБ ППБ қызметкерлері Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, көршілес мемлекеттің 46 жастағы азаматы басқарған Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан.

    Тексеру барысында ер адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар екені анықталды. Сонымен қатар оның басқаруындағы көлік құралына қатысты 59 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдың төленбегені белгілі болды.

    Берешектің жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден асады. Құқық бұзушылықтар биылғы жылдың 25 мамыры мен 1 қазаны аралығында жасалған.

    Қазіргі уақытта автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

    Полиция көлік иелерін әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге және берешектің жиналуына жол бермеуге шақырады. Заң талаптарын сақтау — әрбір азаматтың міндеті.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары