"Қариясы бар ауыл-қазынасы бар ауыл"

    Қарияларымызды ардақтап, үлкенге құрмет көрсету мақсатында "Қариясы бар ауыл - қазынасы бар ауыл" атты концерт ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шара барысында ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелеріне ерекше құрмет көрсетілді.
    Келген қонақтарға ақ дастархан жайылып, арнайы дәм ұсынылып, қарияларға ізгі тілектер мен жылы лебіздер айтылды. Мерекелік кеште өнерпаздар әсем әндер орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсем әуен мен жүрекжарды тілектерге толы кеш көпшілікке жақсы әсер қалдырды.
    Қария – ауылдың берекесі, елдің ақылшысы. Ақ батасын беріп, кейінгі ұрпаққа өнегесін айтып жүрген ардақты қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
    Қариясын құрметтеген ауылдың – қазынасы мен берекесі арта берсін!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бекбауыл ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары