Меншікті қорғау – әр азаматтың міндеті

    Меншік – азаматтардың конституциялық құқықтарының бірі. Өз мүлкін қорғау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету әр адамның өзіне деген жауапкершілігінен басталады.

    Мүліктік құқықтардың бұзылуының алдын алу үшін азаматтарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы зор. Үйден немесе жұмыс орнынан ұзақ уақытқа кетер алдында есік-терезелердің жабық екеніне көз жеткізу, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау, мүлікке қатысты құжаттарды қауіпсіз жерде сақтау қажет.

    Сонымен қатар банк карталарының деректерін, құпия сөздерді және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу маңызды. Қазіргі таңда алаяқтықтың түрлі тәсілдері қолданылатындықтан, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қараған жөн.

    Мүлікке қатысты күдікті жағдай немесе құқық бұзушылық орын алған жағдайда, азаматтар дереу құқық қорғау органдарына хабарлауы қажет.

    Мүлікті қорғау – сақтықтан басталады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өз мүлкіңізді және жақындарыңыздың мүддесін қорғаңыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бекбауыл ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары